Энергетика министрлігі электр қуатының тапшылығын қалай шешеді

Автор: Аягөз Құрмаш

Қосымша 26 ГВт жаңа қуаттарды енгізу қарастырылып отыр

Фото ашық дереккөзден

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында электр тапшылығын шешудің жолдарын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Бүгінгі таңда елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 144 ЖЭК объектісі бар. Бұл ретте өткен жылы қуаты 495,6 МВт болатын тағы 16 ЖЭК объектісі  іске қосылды. Станция жабдықтарының орташа тозу деңгейі 56 пайызды құрайды. Осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қолда бар қуаттың көлемі 20,4 ГВт, жұмыс қуаты 15,4 ГВт құрады. Осы күзгі-қысқы кезеңде тұтыну максимумы – 16,6 ГВт, ал генерациялау максимумы 15,1 ГВт құрады», - деді Сәтқалиев.

Ол атағандай, өткен жылы электр энергиясын тұтыну көлемі

115 млрд кВ/тсағ, электр энергиясын өндіру 112,8  млрд кВ/тсағ құрады.

«Бұл ретте көршілес елдерден электр энергиясын импорттау 3,4 млрд кВт/сағ, экспорт – 1,4 млрд кВт/сағ құрады. Энергетикалық қауіпсіздікті сақтау, ел экономикасы мен халқын сенімді энергиямен жабдықтау қажеттігін, сондай-ақ электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, жаңа энергия қуаттарын енгізу және қолданыстағы электр станцияларын жаңғыртуды жүзеге асыру талап етіледі», - деді министр.

Министрдің айтуынша, бекітілген қуат теңгеріміне сәйкес 2030 жылға қарай  резервтің қажетті деңгейі 17% болғанда электр қуатының қажеттілігі 28,2 ГВт құрайды, бұл ретте жаңа қуаттарды ескере отырып, қолда бар қуат 22 ГВт.

«Біртұтас электр энергетикалық жүйедегі электр қуаты тапшылығының көлемі 6 ГВт-тан асады, оның ішінде шамамен 4 ГВт – жаңа қуаттар. Орталық Азия елдеріндегі теңгерімді талдау 2030 жылға қарай 2,7 ГВт көлемінде электр қуаты тапшылығын көрсетіп отыр. Энергетика министрлігі осы тапшылықты жабу және экспорттық әлеуетті ұлғайту үшін Электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мұнда қосымша шамамен 26 ГВт жаңа қуаттарды енгізу қарастырылады. Бұл жоспар бұрын Президент жанындағы Энергетикалық кеңес отырысына шығарылған. Кейін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып пысықталды», - деді ол.

Мәселен, жұмыс істеп тұрған электр станцияларын реконструкциялау және кеңейту есебінен қосымша 5,6 (бес те алты) ГВт іске қосылатын болады.

Министр осындай жобаларды атап айтты:

Ақсу ГРЭС-те қуаты 325 (үш жүз жиырма бес) МВт № 7 (жетінші) блокты салу (2027 жыл),

Қарағанды ЖЭО-3-те қазандық агрегатын салу және турбинаны ауыстыру (2026 жылы 120 МВт);

«Karabatan Utility Solution» Бу-газ қондырғысының қуатын 310 (үш жүз он) мегаваттан 620 (алты жүз жиырма) МВт-қа дейін кеңейту (2027 жыл) бар.