ШҚО-да есірткінің 1,5 мың рет қолдану дозасын өткізбек болған жасырын қойып кетуші ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тінту барысында 23 жастағы ер адамнан салмағы 547,48 грамм психотроптық зат табылды

ШҚО-да есірткінің 1,5 мың рет қолдану дозасын өткізбек болған жасырын қойып кетуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаскөй жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталды. Тінту барысында 23 жастағы ер адамнан салмағы 547,48 грамм α-PVP психотроптық заты табылып, тәркіленді, бұл 1500 рет қолдану дозасынан асады.

«Жас жігіттің бұған дейін еш жерде жұмыс істемегені, оның негізгі табыс көзі тыйым салынған заттарды “жеткізу” екені анықталды. Жасырын қойып кетуші есірткіні мессенджер арнасы арқылы таратқан. Екі тарап та жасырын қалған. Сотқа дейінгі тексеру материалдарына дәлел ретінде күдіктінің смартфоны тіркелді, онда синтетикалық заттардың жасырын орнының фотосуреттері мен қойып кетулер туралы жазбалар болған. Тәркіленген заттың қара нарықтағы құны 27 млн теңгеден асады», - делінген хабарламада.