Сапасыз қызмет көрсеткен ұялы байланыс операторларына 3,3 млрд теңгеге айыппұл салынды
Бірақ олар «жеңілдікпен» небәрі 1,6 млрд теңге төлеген

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылы ұялы байланыс операторларына 782 тексеру жүргізіп, сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3 миллиард 288 миллион теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алайда бюджетке «заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып» барлығы 1 млрд 644 млн теңге төленді.
Tele2 - 751,4 млн теңге
Kcell – 563,2 млн теңге
Beeline – 329,4 млн теңге төледі.
Бұл ретте 2022 жылы министрлік екі есе көп тексеру жүргізіп 1,6 млрд теңге сомаға айыппұл салды. 2021 жылы 562 тексеру нәтижесі бойынша байланыс операторларына 264 млн теңгеге, 2020 жылы – 47,8 млн теңгеге айыппұл салынған.
Министрліктің мәліметінше, айыппұлдың өсуі операторлардың көрсететін қызмет сапасы үшін жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді.
Еске салай кетейік, Бәсекелестікті қорғау агенттігі 2023 жылдың желтоқсан айында ұялы байланыс операторларын бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерді бұзғанын хабарлаған болатын. Осыған байланысты "Кселл" АҚ, "МТ–С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) қатысты тергеу басталды. Ведомство 2023 жылы операторлардың тарифтік құны 7,7% - дан 57,3% - ға дейін өскенін анықтаған. Атап айтқанда, тек 2023 жылдың мамыр-шілде айларында ұялы байланыс операторлары ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан қызмет құнын көтерген.