Дегенмен бір жылда жалпы қылмыс саны біршама азайған
Қазақстанда былтыр қылмыс деңгейі 11%-ға, яғни 152 472-ден 140 272-ге дейін төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректерін жариялады.
Атап айтқанда:
Алайда аса ауыр қылмыстар 15,7%-ға (2 241 - 2 593) өскен.
Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан.
«824 адамды прокурорлар қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатты. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7%-ға қысқарды (578-ден 447-ге)», - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ 97 тұлға сотта ақталып шықты.