$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2024, 16:19
Қоғам

«Төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр»: Маңғыстауда қызылша өршіп тұр

Облыста қызылша жұқтырған 103 адам ауруханаға жатқызылған

«Төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр»: Маңғыстауда қызылша өршіп тұр
Фото: 7-su.kz

Маңғыстау өңірінде қызылшаның 384 жағдайы тіркеліп, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,5 пайызға жоғары болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Басқарманың хабарлауынша, облыста қызылша жұқтырғандардың 281-і амбулаториялық емделіп жатқанын атады. Ал 103 адам ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі таңда, ауруханада үш жүкті әйел және 64 бала, оның ішінде бір жасқа толмаған 22 бала бары белгілі болды. Оның ішінде 4 бала реанимацияда жатыр.

«2023 жылғы статистика мәліметтеріне сәйкес, облыс аудандарында қызылша жұқтыру саны әр түрлі болып отыр. Мәселен, Ақтауда 1034, Жаңаөзенде – 1369 жағдай тіркелді. Мұнайлы ауданында бұл көрсеткіш 1191 адамды құрады. Дегенмен, басқа аудандарда жағдай қалыпты екені байқалды. Мысалы, Түпқараған қаласында – 192, Қарақияда – 552, Маңғыстау ауданында – 184, Бейнеу ауданында – 66 жағдай анықталды», - деп түсіндірді  Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.

Серіктес жаңалықтары