10.01.2024, 16:40
Қоғам
Қазақстанда аса ауыр қылмыстар саны көбейген – Бас прокуратура
Дегенмен бір жылда жалпы қылмыс саны біршама азайған
© Sputnik
Қазақстанда былтыр қылмыс деңгейі 11%-ға, яғни 152 472-ден 140 272-ге дейін төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректерін жариялады.
Атап айтқанда:
- Ауыр қылмыстар – 14,9%- ға (44 106 - 37 548);
- Ауырлығы орташа қылмыстар – 12,6%-ға (67 340 - 58 874);
- Онша ауыр емес қылмыстар 4%-ға (22 741 - 21 826).
Алайда аса ауыр қылмыстар 15,7%-ға (2 241 - 2 593) өскен.
Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан.
«824 адамды прокурорлар қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатты. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7%-ға қысқарды (578-ден 447-ге)», - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ 97 тұлға сотта ақталып шықты.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды