Облыста қызылша жұқтырған 103 адам ауруханаға жатқызылған
Маңғыстау өңірінде қызылшаның 384 жағдайы тіркеліп, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,5 пайызға жоғары болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Басқарманың хабарлауынша, облыста қызылша жұқтырғандардың 281-і амбулаториялық емделіп жатқанын атады. Ал 103 адам ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі таңда, ауруханада үш жүкті әйел және 64 бала, оның ішінде бір жасқа толмаған 22 бала бары белгілі болды. Оның ішінде 4 бала реанимацияда жатыр.
«2023 жылғы статистика мәліметтеріне сәйкес, облыс аудандарында қызылша жұқтыру саны әр түрлі болып отыр. Мәселен, Ақтауда 1034, Жаңаөзенде – 1369 жағдай тіркелді. Мұнайлы ауданында бұл көрсеткіш 1191 адамды құрады. Дегенмен, басқа аудандарда жағдай қалыпты екені байқалды. Мысалы, Түпқараған қаласында – 192, Қарақияда – 552, Маңғыстау ауданында – 184, Бейнеу ауданында – 66 жағдай анықталды», - деп түсіндірді Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.