$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2024, 10:56
Қоғам

950 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін: Қазақстанда қандай мамандарға сұраныс арта бастады

Білікті мамандарға тапшылық бірнеше өңірде байқалып отыр

950 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін: Қазақстанда қандай мамандарға сұраныс арта бастады
Фото: freepik.com

2023 жылғы желтоқсанда Электрондық еңбек биржасында 119,6 мың бос жұмыс орны және 59,2 мың түйіндеме жарияланды. Қарашамен салыстырғанда сұраныс 10 %-ға өскен (+10,6 мың бос орын), ал ұсыныс 23 %-ға қысқарды (-17,8 мың түйіндеме), деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ең бек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, желтоқсанда негізгі сұраныс басқа қызмет түрлерінің кәсіпорындары (16,8 мың бос жұмыс орны), ауыл шаруашылығы (13,9 мың бос жұмыс орны) және негізгі және орта білім беру ұйымдары (6,8 мың бос жұмыс орны) есебінен қалыптасты, олар жиынтығында барлық орналастырылған бос жұмыс орындарының үштен бірінен астамын құрайды.

«Сұраныстың жалпы өсуіне қарамастан, бірқатар өңірлерде оның қысқаруы байқалады. Мәселен, Ақмола облысында жарияланған бос жұмыс орындарының саны бір айда 41%-ға (-2,2 мың), Қарағанды облысында – 29 %-ға (-2,5 мың бос жұмыс орны) қысқарды. Керісінше, сұраныстың өсуі негізінен оңтүстік өңірлерде байқалды. Бос орындар санын ұлғайту бойынша алдыңғы қатарда Қызылорда облысы тұр, онда бос орындар саны 152 %-ға өскен, 4,4 мың бос орынды құрайды.

Өз кезегінде, ұсыныс барлық дерлік өңірде азайды. Оңтүстік өңірлер бойынша біршама азайғаны байқалады, көбіне Шымкент қаласы бойынша түйіндеме саны (44 %-ға немесе 1,9 мыңға) қысқарған», – деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының АҚ Стратегия және үлкен деректерді талдау департаментінің бас сарапшысы Мадияр Алдияров.

Біліктілігі жоқ кадрларға сұраныстың өсуі аясында білікті мамандарға тапшылық бірнеше өңірлерде орын алды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан (2,2 мың бос жұмыс орны және 655 түйіндеме), Шығыс Қазақстан (3,5 мың бос жұмыс орны және 1,2 мың түйіндеме) және Қарағанды облыстары (4,5 мың бос жұмыс орны және 2,5 мың түйіндеме), сондай-ақ Алматы қаласы 9,8 мың бос жұмыс орны және 5,3 мың түйіндеме).

Сұраныстың ұсыныстан жалпы басымдылығына қарамастан, желтоқсан айында заңгерлер (214 бос жұмыс орны және 846 түйіндеме), дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (112 бос жұмыс орны және 425 түйіндеме) және бастауыш сынып мұғалімдері (151 бос жұмыс орны және 442 түйіндеме) айтарлықтай асып түсті.

Орналастырылған түйіндемелердің жартысы 16 мен 35 жас аралығындағы жастарға (29,9 мың), 27 % (15,9 мың) – орта жастағы (44 жасқа дейінгі) үміткерлерге тиесілі болды, ал барлық түйіндемелердің тек 6 %-ын (3,8 мың) зейнеткерлікке дейінгі жастағы адамдар орналастырды.

«Қарашада жұмыс берушілер өнеркәсіптің бас технологтарына (орта есеппен 954 мың теңгеден бастап), ұңғымаларға қызмет көрсету жөніндегі инженерлерге (800 мың теңгеден бастап) және жүйелік сәулетшілерге (700 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақы мөлшерін ұсынды. Өз кезегінде, ұңғымаларға қызмет көрсету жөніндегі инженерлерден (орта есеппен 1,5 млн теңгеден бастап), бұрғылау жөніндегі супервайзерлерден (1,1 млн теңгеден бастап) және өнімді әзірлеу жөніндегі басшылардан (935 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақыға сұраныс болды», - дейді сарапшы.

Осылайша, желтоқсан айында жыл аяқталуына және жұмыс берушілер тарапынан кадрлық белсенділіктің төмендеуіне байланысты жұмыс берушілердің білікті кадрларға орташа қызығушылығы байқалды. Жұмыс іздеушілер де жұмыс іздеуді қолайлы сәтке дейін кейінге қалдыруды жөн көріп, осындай белсенділік танытты.

Серіктес жаңалықтары