Қазақ ұлттық аграрлық университеті бюджетінен 43,8 млн теңге ұрланған

Автор: Azattyq Rýhy

Университетке тиесілі үйді жалға беруде де алаяқтық анықталған

Фотоколлаж Azattyq Ruhy

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде», - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.