Бүгін Мемлекет басшысының сұхбаты Egemen Qazaqstan газетінде жарияланды
Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Токаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбаты жыл қорытындысы ғана емес, оның билік басына келген уақыттан бергі жұмысының басты аспектісі ретіндегі терең баяндама. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл сұхбаттың басты өзектілігі Президент өткен кезендегі саяси оқиғаларға, халықты толандырып отырған қоғамдык меселелерге ашық жауап берді. Сұхбаттың мемлекеттік тілде шығатын газетке жариялануы Президенттің мемлекеттік тіл мертебесіне терең назар аударатындытын білдіреді және ана тіліміздің саяси тұтқаға айналғандығының белгісі. Сонымен қатар, қоғамда тараған «қос билік» жөніндегі қауесет әңгімеге қатысты да пікір білдірді. Шыны керек, еліміздегі ескі биліктің өзінің экономикалық мүдделерін қорғап қалу үшін мемлекетті басқаруға қосарлануға тырысқандығы анық. Реакциялық күштер өздерінің «өзі би, өзі қожа» кездерін аңсап, мемлекеттік басқару тетіктерін қайтаруға күш салғаны да анық. Дегенмен, бүгінде халыктың басым көпшілігінің мандаты негізінде билік Президент Касым-Жомарт Токаевтың нық қолында», - дейді депутат.
Оның айтуынша, бүгін ескі жүйенің істеген қателіктері мен шалыс қадамдарын түзету кезеңі өтіп жатыр.
«Кетсең-кет!». Өте дұрыс аксиома! Кеткен саяси тұлға саясатқа араласпауы тиіс! Осынау күрделі турбулентті заманда Президент билігі нық және мықты болуы керек! Нық билікпен саяси плюрализмді қолдай отырып даму керек. Елімізде саяси реформалар іске асып келеді. Қазақстан перманентті сайлау кезеңінен өтті. Қазақстанда жаңа саяси мәдениет қалыптасуда. Сонымен қатар, экономика саласында структуралық өзгерістер жасау керек. ІшкІ жалпы өнім өскенімен, сол өнімнің халық арасында әділетті жеткізу проблемасы бар. Экономикалық теңдік мәселесі де өзекті, елде кедейлік деңгейі артып келеді. Енді келесі кезең саяси реформаларды халықтың әл-ауқатын арттыру фундаментіне ұластыру», - дейді Саиров.