Елордада Жаңа жыл түні тыныш өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеді

Жаңа жыл мерекесінде Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, күшейтілген қызметтік нұсқада жұмыс істеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы, Жаңа жыл түні тыныш өтті. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалған жоқ. Соңғы тәулікте елордада 18 қылмыстар тіркеліп, оның 9 «ізі суымай» ашылды. Полицияның «102» жедел жәрдем бөліміне азаматтардан 1265 шамасында қоңыраулар түскен. Бұл негізінен түнгі тыныштықты бұзу.

«Елорда жолдарында 27 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ. Көлікті мас күйінде басқарған 6 жүргізушілер ұсталды», - делінген хабарламада.