Дәрігердің қарауынан кейін баланы реанимацияға алып кетті
29 желтоқсан күні кешке Қамзин көшесінде патрульдік полицейлер Сыздықов Қазбек пен Қамзин Талғатқа ер адам келіп жүгінді. Көлік жүргізушісі Берік Алпысбаев көлікте уланып, түрі көгере бастаған 2 жасар бала бар екенін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол оларды ауруханаға ілесіп баруды өтінді. Полицейлер сигнал беру құрылғыларын қосып, көлікті баласымен бірге облыстық балалар ауруханасына алып барды. Дәрігердің қарауынан кейін баланы реанимацияға алып кетті.
«Біз үшін басты міндет – баланың өмірін сақтап қалу болды. Әр секунд маңызды болды, өйткені бұл уақытта қала көшелерінде адамдар көп болды», – дейді Павлодар қаласы ПБ ППБ қызметінің аға инспекторы Қазбек Сыздықов.