Бүгінде Антикор спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп жатыр
Шымкентте спорт саласындағы 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп жатыр.
«Шымкентте спорт саласын дамытуға бюджеттен 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Өңірдегі спорт мектептерінің директорлары мен жаттықтырушыларының, жалпы саны 700-ден астам қызметкердің қатысуымен кездесу өткізіп, бюджеттік қаражатты жымқыру үшін көзделген жауапкершілік талқыланып, түсіндірілді. Жалпы биылдың өзінде аталған салада 7 қылмыс тіркеліп, 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда», - деді Дәурен Ерғарин.