Елде психологиялық қызмет көрсету институтын дамытуға назар аудару керек - Зарема Шәукенова
Психологиялық көмек көрсету қызметі заңмен реттеуді қажет етеді
Бүгінде Қазақстанның барлық жетекші университеттері жыл сайын кәсіби психологтар даярлайды. Десе де, психологиялық қызмет көрсету институтын жоғары деңгейде дамытуға баса назар аудару қажет. Бұл туралы AMANAT партиясының ұйымдастыруымен өткен әйелдер форумында Психологиялық қызмет институтын құру және оның жұмыс істеуі бойынша басым бағыттың тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Зарема Шәукенова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Біздің мақсатымыз қоғамның қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, халықтың психикалық және психологиялық саулығын нығайту, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының психологиялық мәдениетін қалыптастыру. Қазақстандықтар психологтарға қаншалықты жиі жүгінеді және олардың бұл туралы не ойлайтындығы жайлы 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президенті қазақстандықтар психологтардың көмегінсіз-ақ қиындықтарды жеңе алады, респонденттердің 45,9%-на кәсіби көмек қажет емес, ал 6,5% психологтың көмегіне сенбейді», - дейді З.Шәукенова.
Оның айтуынша, респонденттердің 4,8%-ы бір кездері психологтың көмегіне жүгінген. Әрбір үшінші респондент маманнан психологиялық көмек сұрауға дайын. Сонымен қатар, әрбір бесінші респондент (19,6%) қажет болған жағдайда дереу психологпен кеңесуге дайын, ал респонденттердің 12,8% -ы бұндай қадамға баруға ниетті, бірақ маманға жүгіну барысында қиындықтарға тап болғанын атап өтті.
«Егер бұл көрсеткішті 18 жастан асқан Қазақстан халқының 12 миллионға жуығына бөлсек, онда 600 000 адам психологтарға көмек сұрап жүгінген, ал 4 миллионға жуық адам жүгінуге дайын, қажет болған жағдайда ғана жүгінетіндер 3 миллион, ал 1 миллион жүгінуді қалайды, бірақ ұялады.
Сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы (48,5%) психологтың қызметтері тұрғылықты жері бойынша қолжетімді болуы керек деген пікір білдірді», - дейді Психологиялық қызмет институтын құру және оның жұмыс істеуі бойынша басым бағыттың тең төрағасы.
Сарапшының пікірінше, бұл саладағы күрделі мәселелердің бірі қызметтерге сұраныстың артуына қарамастан, бізде психологиялық көмек көрсету заңмен реттелмеген. Бұл бүгінгі күні кез келгеннің адам санасымен жұмыс істей алатындығына әкеп соқтырады.
«Мысал ретінде алар болсақ, Ресейде психологиялық көмек туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. Бізде бұл туралы ойланып, Қазақстан Республикасында «Психологиялық қызмет көрсету туралы» Заңды әзірлеу және қабылдау (соның ішінде кәсіби кадрларды даярлау және қайта даярлау, оларды аттестациялау және қызметінің ережелері) бағытында жұмысты бастауымыз керек деп санаймыз. Дәл осы құжат барлық жалған психологтардың қызметіне тыйым салуға арналған», - дейді ол.
Оның сөзінше, «Психолог» кәсіби стандартын және ҚР психологының Этикалық кодексін бекіту қажет. Сондай-ақ, Зарема Шәукенова Қазақстандағы психологтардың барлық кәсіби қауымдастықтарының күш-жігерін Әйелдер қанатының қолдауымен, AMANAT партиясының ресурсының көмегімен біріктіру туралы пікір білдірді.
Авторы: Еркежан АЙТҚАЗЫ