Атырауда коронавирус жұқтырған 3 науқас туралы ақпарат жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылған

Бүгін, яғни 7 сәуір күні таңертең Атырауда коронавирус жұқтырған тағы үш жағдай анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Қауіпті инфекция жұқтырған жаңа жағдайлар туралы Денсаулық сақтау басқармасында хабарланды. Вирус жұқтырғандар арасында 37 жастағы әйел, 18 жастағы жас жігіт және 82 жастағы қария бар.

«Зейнеткерден пневмония табылды. Оның жағдайы ауыр», - деп нақтылады облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылған.

Осылайша, Атырау облысында Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 32 адамға жетті.

«Қазіргі уақытта 28 пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, оларда аурудың жеңіл түрі байқалады. Екі адамның жағдайы орташа ауыр, тағы екі пациенттің жағдайы ауыр», – деп атап өтті облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдері.

Тиісті органдар науқастармен байланыста болған адамдарды анықтап, оларды шұғыл оқшаулайды.