Арыста 2 жасар бала коронавирус жұқтырған
Түркістан облысында 33 тұрғынның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Қазіргі таңда Түркістан облысында 33 тұрғынның коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Талдау нәтижелері көрсеткендей, Арыста 2008 жылы туған баланың және Кентауда 1982, 2003, 2005 жылдары туған азаматтардың қауіпті вирус жұқтырғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Олардың бәрі Нұр-Сұлтан қаласынан пойыз арқылы Шымкентке келген жетісайлық әйелмен байланыста болған пациенттердің туысқандары болып шықты.
Соңғы мәліметке сүйенсек, Жетісай қаласының 30 жастағы тұрғыны да коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған.
Жалпы, облыс бойынша Жетісайда – 13 адам, Кентауда – 5 адам, Ордабасыда – 1 адам, Сайрамда – 2 адам, Мақтаралда – 4 адам, Арыста – 6 адам, Сарыағашта – 1 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.
Айта кетсек, бүгінгі күні елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 670 адамға жетіп отыр.