Қызылордада қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Қызылорда облысында желдің ұйытқуы секундына 28 метрге дейін жетті

Бейнеден кадр

Қызылорда қаласында жел күшейіп, бірнеше ғимараттың қасбеті мен шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Жеңіс көшесіндегі көпқабатты үйдің қаңылтыр қаптамасы түні бойы екпіні басылмаған желге шыдамай, құлап түсті. Зардап шеккендер жоқ. Бұл тұрғын үй үш жыл бұрын қайта жаңғыртудан өткен. Әкімдік өкілдері жел басылғаннан кейін ғимараттардың қайта қалпына келтірілетіндігін айтты.

Бүгін Қызылорда облысында желдің ұйытқуы секундына 28 метрге дейін жетті.

 «Нақты қазіргі таңда біздің есебімізбен 5 ғимараттың сырты қасбеттерінде кейбір жерлерінде ақау пайда болып жатыр. Енді ол осы жазда қапталған қасбеттерінен екі ғимараттың линарный заттары шыққан. Оны қалпына келтіріп қойды. Бір ғимараттың шатыры ұшқан.  Қызылжармадағы әскери бөлім. Ол өз есебінен істелетін болады», - деді қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.