Жемқорлардың қаржысына қанша мектеп салынады – вице-премьер жауап берді

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол қаражатқа 62 мектеп салынбақ  

Фото: kazgazeta.kz

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында жемқорлардан қайтарылған қаржыға қанша мектеп салынатынын айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.  

«150 млрд теңгеден аса қаражат арнайы шотқа түсті. Қателеспесем, одан 62 мектепті салуға қаражат бөлінді. Қазақстанның әрбір аумағынан берілген ұсынысқа сәйкес қаражат бөлінді. Бірақ қаражаттың барлығы бөлінбеді. (Мектеп салуға) 90 млрд теңгеге жуығы бөлінді. 60 млрд теңгеге жуық қаражат бар. Қалған ақшаны апатты және үш ауысымды мектептер болса, оларды жөндеуге қатысты өтінім түссе, оны қарастырамыз. Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен қаржы бөлінеді», - деді Жамаубаев. 

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ