Ақмола облысында вирус жұқтырған 42 адам тіркелген
Қауіпті инфекция 2 сәуірде қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғыны, 1947 жылы туған ер адаммен байланыста болған 19 ақмолалықтың ағзасынан бірден анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта диагнозы расталған барлық азаматтар Нұр-Сұлтан қалалық Фтизиопульмонология орталығына және Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылуда. Емделушінің ең үлкені 1933 жылы туған, ең жасы ‒ 1984 жылғы.
Осылайша, 35 адам Целиноград ауданында, 3-еуі Аршалы ауданында, 3-еуі Нұр-Сұлтан қаласында және 1-уі Көкшетау қаласында тіркелді.
Бүгінде облыстың стационарларында 423 емделуші бар;
Жұқпалы аурулар стационарларында — 19 емделуші + Нұр-Сұлтан қаласында ‒ 2;
Провизорлық стационарларда — 90 емделуші;
Карантиндік стационарларда (бақылауда) — 312 адам;
Үй карантинінде — 737 адам бар.