Теміртаудың Ескі қала ауданында жылу қалпына келтірілді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазандық агрегаттары резервтік отынға ауыстырылды

Фото: freepik.com

Ескі қала үйлеріндегі температура кестесі қалпына келтірілді, яғни 86/64 жоспарында 88/67 құрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ҚарГРЭС-1-де багерлік сорғының су басуына байланысты қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды. 

«Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қажетті жабдықтар мен станцияның отын қоры мол», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше ҚарГРЭС-1-дегі багерлік сорғының авариялық сөнуі салдарынан станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылған болатын. Бұл жайтқа қатысты Жедел штаб құрылды. Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.