Құтқарушылардың тұрғын үй төлемдерін өтеп беру ұсынылды

Автор: Azattyq Rýhy

Министр азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде баяндама жасады

Фото: parlam.kz

2023-2024 жылдарға азаматтық қорғау органдарының лимиті республикалық бюджеттен 28,3 млрд теңге бөлініп, 1 734-ке ұлғайтылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Сенатының жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 «Қазір мүдделі мемлекеттік органдар 2025-2026 жылдарға штат санын 1 493 көлемінде кезең-кезеңімен ұлғайту мәселесін пысықтап жатыр, ол 55 млрд теңгені құрайды», - деп түсіндірді ол.

Мемлекет басшысының құтқарушылардың мәртебесін арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды жақсарту тапсырмасын орындау мақсатында:

  • мамандарды қызмет бабында ауыстыру және ілгерілету кезінде көтерме жәрдемақы, жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайлардағы жұмыс үшін үстемеақы төлеуді;
  • бюджет қаражаты есебінен қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен қызметкерлерге шипажайлық-курорттық емдеуді;
  • арнайы атақтар берілмеген құтқарушыларға еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар белгілеуді;
  • арнаулы атақтары бар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру ұсынылады.