Оған құбырдың тесілуі себеп болған
«Павлодар Водоканал» ЖШС-ның мәліметінше, Исиналиев көшесі, 6 мекенжайында апат орын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Осыған байланысты Естай көшесі, Астана көшесі 156, Исиналиев көшесі, Қараша көшесі, Бөкейхан көшесі мекенжайларында су өшірілді.
«Бұл учаске «Павлодар-Водоканал» ЖШС меншігінде емес, сол себепті «Толағай 2050» ЖШС қызмет көрсетеді», – деп жазылған хабарламада.
Кәсіпорын жаңа құрылғы жеткізілгенше ескі муфтаны уақытша орнату арқылы тұрғын үйлерге су беруді қалпына келтірмек.