Қазақстан Үкіметі «АрселорМитталТеміртау» компаниясын 286 млн долларға сатып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Мәміледе 3 негізгі уағдаластық келісілген

Фотоколлаж Azattyq Rýhy

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың АМТ-мен мәміле бойынша кеңейтілген баспасөз конференциясында Лондонда ArcelorMittal корпорациясымен ақтық келіссөз кезеңі аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Өздеріңіз білесіздер, 2023 жылғы тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарында жалғасып жатқан апаттар компанияның өз инвестициялық және өзге де міндеттемелерін елеулі ережебұзушылықтарға әкеп соқтырғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, Президентіміз «АрселорМитталдың» қазақстандық нарықта бұдан ары жұмысын жалғастыруы мүмкін емес екендігіне назар аударған болатын.Бұл кезде Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» иелерімен ArcelorMittal компаниясының металлургиялық комбинат құрамынан шығуы туралы келіссөздер жүргізіп жатқан еді. Олар 2022 жылдың 3 қарашасында АМТ-ның еншілес кәсіпорны Ленин атындағы шахтада болған қайғылы апаттан кейін басталды», - деді министр.

Ол атағандай, Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртауға» нақты талаптар қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы АМТ кәсіпорындарындағы апаттар жүйелі сипатқа ие болғанын ерекше атап өтті.

«Қарқынды жүргізілген келіссөз нәтижесінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасында «Standstill Agreement» келісіміне қол қойылды, бұл қазақстандық тарапқа кәсіпорынды бағалау мен аудит жүргізуге мүмкіндік береді.Осы келісім аясында АМТ қызметін талдау және бағалау үшін халықаралық консультанттар тартылды, олар, атап айтқанда, құқықтық талдау, қаржылық аудит және техникалық сараптама үшін тартылды.Келіссөз барысында ArcelorMittal 3,5 миллиард доллар сұратты, бұл Әділет министрлігі тартқан халықаралық кеңесшілердің есептеулеріне сәйкес келмеді. Бұл келіссөздер процесінің ұзаққа созылуының негізгі себептерінің бірі болды. Сонымен бірге, біздің мақсатымыз қыруар қаражат жұмсалатын және ұзаққа созылатын халықаралық сот процестеріне жол бермей, комбинатты әділ бағамен сатып алу болды», - деді ол.

Министр атағандай, келіссөздер процесі жалпы 11 раундқа созылды, оның жетеуі 2023 жылдың қыркүйегінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылғаннан кейін өтті. Дәл осы кезеңде екі тарап та нақты ұстанымға қол жеткізді.

«Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келісімді мега-мәміле деп атауға болады, ол біздің еліміз үшін айрықша маңызды. Біз басқа елдердің үкіметтері тап болған көптеген тәуекелдерден аулақ болдық», - деді ол.

Мәмілеге қатысты 3 негізгі уағдаластықты айрықша атап өтуіміз керек:

  • Мемлекет активтердің құнын 3,5 млрд-тан 286 млн долларға дейін төмендетті.
  • Мәмілені іске асыруға бюджеттен бір де бір теңге жұмсалған жоқ.
  • Жаңа инвестор ArcelorMittal бас компаниясы алдағы төрт жыл ішінде қысқа мерзімді 250 млн доллар қарызды жабуды және 450 млн доллар көлеміндегі ұзақ мерзімді қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады.

«Атап айтуымыз керек, 286 миллион доллар ― бұл толыққанды жұмыс істейтін екі кәсіпорынның құны десек болады.Бұдан басқа, ArcelorMittal Қазақстан үкіметіне ешқандай талап қоймайтынын және келісімге халықаралық заңнамаға толық сәйкес құқықтық алаң аясында қол жеткізілгенін атап өткен жөн.Сонымен қатар, біз ArcelorMittal өкілдерін "Қазақстан халқына” қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 млрд теңгеге (34,6 млн АҚШ доллары) жарна аударуға көндірдік. Қорға АМТ-дан түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы өзекті мәселелерін шешуге және өңірдің әлеуметтік маңызы бар жобаларын дамытуға бағытталады. Осы соманың 50%-ы Теміртау қаласын дамыту мақсатында қолданылады. Халқымыз «Орнында бар оңалар» деп өте орынды айтқан ғой.Енді барлық қажетті құжатқа қол қойылғаннан кейін жаңа инвесторға кәсіпорынның реанимациялық бағдарламасын әзірлеуге жауапкершілік жүктеледі. Бұл бірқатар нысанды қайта құруды және ең бастысы өнеркәсіптік қауіпсіздікті жетілдіруді қамтиды. Сонымен қатар, инвестор экологиялық шараларды, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер мен жалақы мәселелеріне назар аударады», - деді ол.