Сот актісі заңды күшіне енді
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуратурасымен мемлекет меншігіне 253 млн теңге тұратын көлемі 332 гектар жер телімі қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аудан прокуратурасының талап арызының қаралуымен мемлекет қорына шаруа қожалығын жүргізуге бөлінген 216 гектар жайылымдық жер қайтарылған.
"Тексеру кезінде жер телімі жер заңнамасының талаптарын бұза отырып берілгені анықталған, сонымен қатар жер телімі өз мақсатында пайдаланылмаған" , - делінген прокуратура хабарламасында.
Батыс Қазақстан облысының арнайы мамандандырылған экономикалық сотымен прокуратураның талап арызы қанағаттандырылып, 2017 жылғы келісім шарт заңсыз деп танылды.
Облыстық соттың қаулысымен бірінші сатдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.