06.12.2023, 11:46
Қоғам
Ерлан Қошанов су мәселесі бойынша Үкіметтің есебін тыңдауға шақырды
Ол бұл өте өзекті мәселе екенін атап айтты
Фото: baq.kz
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек су мәселесі бойынша сауал жолдады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл сауалдың маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Шынында да өте өзекті мәселе көтеріп отыр. Өткен аптада да әріптестеріміз көтерген болатын. Сондықтан айтылған ұсынысты келесі отырыстардың біріне Үкімет мүшелерін шақырып, осы жерде суды үнемдеу, тиімді тиімді пайдалану бойынша есебін тыңдаған дұрыс деп ойлаймын. Біздің аппаратқа және Үкіметтің өкілі осында отыр, сіздер осы жұмысты ұйымдастырыңыздар», - деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «AMANAT» партиясы жанынан су мәселесі жөнінде арнайы комиссия құруды ұсынған еді.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады