Жетісу облысы прокурорлары медициналық қалдықтарды заңсыз жою дерегін анықтады

Azattyq Rýhy

Қалдықтарды төгу заңсыз жүргізілген

Жетісу облысы прокурорлары медициналық қалдықтарды заңсыз жою дерегін анықтады
Фото: Жетісу облыстық прокуратурасы

Қаратал ауданы прокуратурасымен табиғат қорғау заңнамасының сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша «А, Б» санаттарындағы адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті медициналық қалдықтарды зарасыздандыру және жою кезінде ереже талаптары сақталмағандығы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл заңбұзушылықтар, Бастөбе ауылдық округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигоны маңында тіркелді.

Осы жерде Алматы мен Жетісу облыстарының денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық қалдықтарын төгу және заңсыз жинау жүргізілген.

Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, медициналық қалдықтарды полигонда зарасыздандыруға тиым салынған және ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (344 бап ҚР ӘҚБтК).

Қатысы бар тұлғаларды анықтау және оларға қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін аталған дерек Қаратал ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.