Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болды

Бұл сыйлықты Нұрсұлтан Назарбаев та алған

Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

«Қазақстанның халық әртісі» Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болғанын өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Сербияның Белград қаласында «Karić brothers award» сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады. 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған болатын», - деп жазды әнші.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.