Елде 18 жасқа дейінгі балаларға үйден шығуға тыйым салынған
Сovid-19 қарсы карантиндік шаралар аясында үйден шықпайтын балалар мен жасөспірімдерге сайқымазақ киімін киген еріктілер «қонаққа» келді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
«Түркияның оңтүстігінде балаларға арналған ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды. Мерсин провинциясының жергілікті әкімшіліктері бастамаға белсенді қолдау көрсетті»,- делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Түркияда бір тәулікте COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 мыңнан астам жағдай анықталды. Жағдайдың ушығуына орай, Turkish Airlines әуе компаниясы барлық рейстерді уақытша тоқтатады.