01.12.2023, 11:42
Қоғам
Елордада мемлекеттік мүлікті заңсыз сатудың жолы кесілді
Жер телімін заңсыз сатпақ болған
Фото: Астана қаласының прокуратурасы
Астана прокурорлары жер учаскесін заңсыз сатудың жолын кесті,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мемлекет пайдасына сот шешімімен пайдаланылмай жатқан жер телімі алынған.
«Борышкер мемлекет алдындағы міндеттемеден жалтару мақсатында жеке сот орындаушының көмегімен жер телімін заңсыз иеліктен шығарған. Прокурордың талап-арызы бойынша жер учаскесін сатып алу-сату шарты сотпен жарамсыз деп танылып, 60 млн теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалды», - делінген Астана прокуратурасының хабарламасында.
Прокурорлық қадағалау актісімен сот орындаушының мүлікке қатысты шектеулерді шешу және мүлікті беру туралы қаулыларының күші жойылып, ол жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды