Өрт шыққан хостелде қай ЖОО-ның студенттері тұрғаны анықталды

Автор: Аягөз Құрмаш

6 ЖОО-ның студенттері хостелде тұрған

Фото: kursiv.media

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде  Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Кажденбек Алматыдағы өрт болған хостелде тұрған студенттер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Хостелде 72 адамның 12-сі студент болған. Олар: Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық медицина университеті, Спорт және туризм академиясы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, «Каспий» университеті мен Алматы энергетика университеті», - деді

Еске салсақ, бүгін Алматыдағы хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапты.