$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Заң шеңберінен тыс»: Ғани Бейсембаев қарамағындағы басшыларға ескерту жасады

Министр ұстаздардан үздіксіз шағым түсіп жатқанын айтты

«Заң шеңберінен тыс»: Ғани Бейсембаев қарамағындағы басшыларға ескерту жасады
Фото: t.me/oqu_agartu

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қудалайтын мектеп директорлары мен білім басқармасы басшыларына ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ұстаздардан шағым үздіксіз түсіп жатыр. Ол педагогтерден қайта-қайта түсініксіз есептерді талап ету сынды қағазбастылық көбейгенін айтты.

«Әріптестер! Маған қайта-қайта түсініксіз есептерді жинауға, құжат айналымының ұлғаюына қатысты педагогтерден арыз-шағымдар келіп түсіп жатыр. Ұйым басшылары, білім бөлімдері мен білім басқармалары өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатуы қажет! «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарын сақтау керек. Тағы да айта кетейін, әрбір осындай шағым үшін мектеп директорлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары жауапты болады», - деді министр Ғани Бейсембаев.

Ол ұстаздардың   балаларға алаңсыз сапалы білім беруіне барынша жағдай жасалу керек екенін ескертті.

«Ұжымдағы микроклиматқа өте мұқият болу керек. Талап болады. Талаптың барлығы заң шеңберінде койылуы керек. Әрбір мұғалім өзінің алдындағы балаға сапалы білім беруге ұмтылуға тиіс. Артық, заң шеңберінен тыс қудалауға ұшыратуды немесе басқа да дүниелерді істеуді доғару керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары