$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2023, 21:54
Қоғам

СҚО-да жыл басынан бері отбасылық жанжал шығарған 500-ге жуық адам қамауға алынды

279 азаматқа ескерту және 6 азаматқа айыппұл салынды

СҚО-да жыл басынан бері отбасылық жанжал шығарған 500-ге жуық адам қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері тұрмыстық жанжал шығарған 500-ге жуық адам қамалды. Олардың басым бөлігі әйеліне қол көтерген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме асап.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 2 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды. Көбіне әйелдер қорлық көреді.

 «Оның ішінде 487 азамат әкімшілік қамауға алынды. 279 азаматқа ескерту және 6 азаматқа айыппұл салынды», - деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Айнагүл Сауытбекова.

 Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендер есебінде 200-ге жуық адам тұр. Полиция қызметкерлері үнемі олардың үйіне барып, рейд ұйымдастырады. Қазір облыс бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Есепке алынғандар ара-тұра осылай уақытша ұстау изоляторына «қонаққа» келеді. Полицейлер камераларды көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бірақ олардың осында түсу-түспеуі өздеріне ғана байланысты.

Серіктес жаңалықтары