Комиссияны бас мемлекеттік еңбек инспекторы Жарылқасын Айтақов басқарады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Жайсан» кенішінде орын алған жазатайым оқиғаның тексеру барысын жеке бақылауға алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде орын алған жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы құрылған комиссия оқиға орнына шықты.
«Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Жарылқасын Айтақов бастаған комиссия құрамында – ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті, жұмыс беруші «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері бар. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков оқиға орнында жүр», - деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.
Еске салайық, «Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде қайғылы оқиға болып, екі адам қаза тапқанын забарлаған болатынбыз.