Министр келесі жылдан бастап жаңа формат болатынын айтты
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин зейнетақы процесі жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мысалы, зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, келесі жылы мүлдем жаңа форматта жүргізілмек.Сонымен қатар жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 түрлі анықтамаларды жою, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақшаға кезекке тұру сияқты жобалар әзірленуде.
Пилоттарды сапалы және уақытылы енгізуді мемлекеттік органдардан сұраймыз»,- деді Мусин.