Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтөбе қаласында көшеде есірткі жасырумен айналысқан екі жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсталғандар - облыс орталығының 20 жастағы екі тұрғыны.
«Олардың біреуінен полиэтилен пакет тәркіленді, оның ішінде 186 дана орамша, болжам бойынша, салмағы 500 грамм мефедрон, кеңсе пышағы, 8 дана изолента, zip-пакеттері және электронды таразы бар», - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.