20.11.2023, 16:53
Қоғам
Қазақстанда мектептегі буллингке қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді
Жоба келесі жылы бірнеше мектепте пилоттық режимде іске асырылмақ
Фото: freepik.com
Мектептегі буллингке қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Халықаралық зерттеу нәтижесі аясында жасалатын жоба келесі жылы бірнеше мектепте пилоттық режимде іске асырылмақ. Бұл туралы Дүниежүзілік балалар күніне арналған брифингте Оқу-ағару министрінің орынбасары Еділ Оспан айтты. Бұдан бөлек, тамызда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алуға бағытталған кешенді жоспар қабылданғанын жеткізді.
Вице-министр мұны Қазақстан мектептерінде бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шарасы екенін ерекше атап өтті. Жоба шеңберінде елдегі барлық аймақта біртіндеп пихологиялық қолдау орталықтары ашылып жатыр.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді