Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 64,7 млрд теңге бөлінген
1 қарашада 583 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 111,2 мың отбасындағы 583,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 64,7 млрд теңге бөлінді.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.