«Мұның символдық мәні бар»: Ерлан Қарин Президент қол қойған заң жайлы

Автор: Azattyq Rýhy

Келесі жылдың қаңтарынан бастап балалардың есепшотына Ұлттық қордан ақша аударыла бастайды

Бүгін Мемлекет басшысы өте маңызды заңға қол қойды. Бұл – Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері туралы құжат. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің telegram арнасында жазды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген негізгі бастаманың бірі – «Ұлттық қор – балаларға» атты жобаны жүзеге асырудың заңнамалық негізі қалыптасты. Енді келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы жас жеткіншектердің арнаулы есепшотына аударылады», - деді Қарин.

Ол атағандай, балалар кәмелет жасына толған соң, бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсайды.

«Президент осы заңға халқымыздың саны 20 миллионға жеткен күні қол қойды. Мұның символдық мәні бар деуге болады», - деді ол.