Елімізде қауіпті індеттен айыққандар саны – 29 адам
3 сәуір сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi: Алматы қаласында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам. Бұл туралы coronavirus2020.kz порталы хабарлады.
Осылайша, Қазақстанда қауіпті індет жұқтырғандар 453 адамға жетті. Алматы қаласы аумағында жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылса, бүгіннен бастап Петропавл қаласында карантин режимі енгізілді.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 199;
- Алматы қаласы – 93;
- Шымкент қаласы – 11;
- Ақмола облысы – 19;
- Ақтөбе облысы – 7;
- Алматы облысы – 9;
- Атырау облысы – 20;
- Шығыс Қазақстан облысы – 3;
- Жамбыл облысы – 6;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Қарағанды облысы – 22;
- Қызылорда облысы – 26;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Павлодар облысы – 1;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 18;
- Түркістан облысы – 16.
Өкінішке қарай, қауіпті індеттен елімізде 3 адам көз жұмды. Ал, айыққандар саны – 29 адам.