14.11.2023, 10:13
Қоғам
Алматы облысында халық Болат Назарбаевтың жаназасына жиналып жатыр
Тұңғыш Президенттің інісі кеше таңертең қайтыс болды
Фото: Azattyq Rýhy
Ауыр науқастан көз жұмған Болат Назарбаевты халық ақтық сапарға шығарып салуға жиналып жатыр. Тұңғыш президенттің інісімен қоштасу Шамалған ауылындағы өзінің үйінде өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Жаназаға келіп жатқан адамның қарасы көп.

Шамалған ауылындағы Назарбаевтың қара шаңырағы Байтұрсынұлы көшесінің бойында орналасқан. Көшенің екі жағы биік дуал, жағалай күзет қойылған.

Марқұммен қоштасып, көңіл айтуға халық жиналғанмен, олар ішке кіре алмайды. Биік қақпаның алдына қойылған күзет адамдарды тізім бойынша ғана ішке кіргізіп жатыр.

71 жасына қараған шағында ауыр дерттен көз жұмған Болат Назарбаевтың жаназасы жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де оқылады.

Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты