Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғалары фактілері бойынша тексеру жүргізілуде

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше Ақсу қаласында Абай - Молодежная көшелерінің қиылысында «Renault Symbol» маркалы автокөліктің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, «Chevrolet Nexia» маркалы автокөлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Renault» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өкінішке орай, жолаушы ауруханада қайтыс болды», – деді департаментте. 

9 қарашада сағат 06.15-те Ақтоғай - Харьков автожолында ВАЗ-21134 маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік кюветке аударылып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрақтарына қойылды.

Биыл облыс жолдарында 409 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 67 адам қаза тауып, 506 адам жарақат алды.