$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутат әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны 3 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Оның ішінде жалғызбасты әкелер де бар

Депутат әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны 3 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Фото: kaz.zakon.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев жалғызбасты ата-аналар мүддесі жайлы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отбасы мәселесіне үнемі қолдау танытып, басымдық беретіндігі баршамызға белгілі. Бүгінгі депутаттық сауал толық емес отбасылар, жалғызбасты ана және жалғызбасты әкелердің әлеуметтік қорғалуы туралы. Депутаттық сауалдың толық мәтіні қосымша жолданады. «AMANAT» партиясы толық емес отбасылардың, асыраушысынан айырылған отбасылардың және жалғызбасты аналардың, жалғызбасты әкелердің әлеуметтік жағдайын қолдау, ол отбасыларындағы балалардың қалыптасып, дамуы туралы жүйелі шараларды жүзеге асыруға байланысты келесі ұсыныстарды енгізеді», - деді ол.

Балабиев жұмыссыз жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің бала күтіміне байланысты төлемін күнкөріс минимуны теңестіруді ұсынды.

«Қазақстандағы барлық әйел мен жалғызбасты әкелерге бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзартуды ұсынамыз. Жұмыссыз жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшерін заңда бекітілген күнкөріс минимумына теңестіруді сұраймыз. Жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің балаларына мемлекеттік балабақшадан орын алу үшін кезекте басымдық беруді, мектептерде спорт секцияларына және шығармашылық үйрмелерге тегін қатысуын қамтамасыз етуді, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби бағдар жұмысының бағдарламасын қабылдап, грант негізінде білім алып, еңбекке араласуын қарастыратын бағдарлама қабылдауды сұраймыз», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары