Никаб тағуға заң тұрғысынан тыйым салған дұрыс – Аида Балаева

Автор: Аманалина Тоғжан

Әзірге елімізде оны шектейтін заң нормасы жоқ

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева никаб тағуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біздің заңнамада никабқа тыйым салу нормасы жоқ. Заң аясында бұл мәселе әлі реттелмеді. Бетін тұмшалайтындар жайлы біз енді қарайтын боламыз. Себебі депутаттар осыны сауал ретінде жолдады. Қазір оны жан-жақты зерделеп жатыр. Ол алдымен ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін айттым ғой. Әрине, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда никабтарға тыйым салған дұрыс», - деді министр.

Еске салсақ, осыған дейін Парламент депутаттары жат ағымдарға заң жүзінде тыйым салу мәселесін белсенді көтерген еді. Оның ішінде никаб тағуды шектеу бастамасын ұсынған.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ