$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Құжаттарында қателік бар»: министр жамбылдық фермердердің наразылығы жайлы

Тізімде 392 шаруашылық бар 

«Құжаттарында қателік бар»: министр жамбылдық фермердердің наразылығы жайлы
Фото ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтегі брифинг барысында Жамбыл облысы фермерлерінің наразылық акциясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

«Үкімет резервінен 392 шаруашылықтың шығынын өтеу үшін 3,7 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда оның 1,7 млрд теңгесі игеріліп, 246 шаруашылық қаражаттарын алды. Наразылыққа шыққандарға қатысты айтар болсақ, олардың құжаттарында қателіктер бар. Сондықтан да олар қазіргі уақытта қаражаттарын ала алмай отыр. Егер олар барлық қателіктерін жоятын болса, онда еш кедергісіз алады. Тізімде 392 шаруашылық бар. Әлі де 2 млрд теңгені игеру қажет. Тіпті осы қаражатты игере аламыз ба, жоқ па деп алаңдап отырмыз», - деді Сапаров. 

Министрдің атағандай, өңірдің бірқатар фермері өтемақы алуға ұсынған құжаттарындағы деректер сәйкес келмейді. 

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ  

Серіктес жаңалықтары