$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2023, 07:00
Қоғам

Алматыда өгей қызын өлтірген әйелдің соттағы алдын ала тыңдалымы басталды

Балжан Тұрлыбекова 20 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматыда өгей қызын өлтірген әйелдің соттағы алдын ала тыңдалымы басталды
фотф: ашық дереккөзден

Алматыда жеті жасар өгей қызын асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған әйел сот алдында жауап бере бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда болған. Жауыз әйел жеткіншекті жүйелі түрде сабап келгенін куәгерлер айтып отыр. Ақыр соңында үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін басын қабырғаға ұрып талдырған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды.

Күдікті алдын ала тыңдалымға бір емес, екі қорғаушысымен қатысты. Балжан Тұрлыбекованың теледидарды жақтыртпауы бүгін ғана. Негізі ол осы уақытқа дейін ел алдында емін-еркін сөйлеп жүрген қоғам белсендісі. Әрі пәтер иелері кооперативінің төрайымы болып жұмыс істеген.

Марқұм болған 7 жасар қыздың жақындары дәл осы әйелдің жеткіншекті жауыздықпен өлтіргеніне сенімді. 

«Менің талабым, ол әйелді өмір бойына бас бостандығынан айыру. Өйткені немеремді төрт ай бойы ұрып, ақыры өлтіріп тастады. Негізі әкесі де Каринаны ұрған. Бірақ ол жазадан құтылып кетті. Әкесін де қамауға алу керек», - дейді марқұмның әжесі Елена Закураева.

Туған шешесі 10 айлығында қашып кеткен кішкентай Каринаны 7 жасына дейін негізі әжесі бағып-қаққан. Алайда биыл көктемде әкесі Бәкен Закураев инспекторлармен келіп қызды алып кеткен. Сөйтіп өзінен 14 жас үлкен азаматтық некедегі әйелі Балжан Тұрлыбекованың үйіне апарады. Сол уақытта екеуі бірге жарты жыл ғана тұрыпты. Карина жат жерде төрт ай бойы өгей шешесінен де, туған әкесінен де әбден таяқ жеген дейді жақындары. Белбеумен сабағанын көршілері де көріпті. Айтуларынша, ақыр соңында, 10 шілдеде жеткіншек үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін өгей шешесі басын қабырғаға ұрады. Қатты соққыдан миына қан құйылып, Карина бірден жантәсілім еткен.

Өгей қызын өлтірді деп айыпталған Балжан Тұрлыбекова 20 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал әйелінің қатігез екенін біле тұра, араша түспеген әкесі жазаға тартылады ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Кейбір мәліметке сүйенсек, Бәкен Закураев сол оқиғадан кейін қаңғыбастың күйін кешіп кеткен.

Серіктес жаңалықтары