Kaspi Жұма туралы көпшілік не дейді?

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде 3,4 және 5 қараша күндері Kaspi Жұма өтіп жатыр

Бұл күндері еліміздің барлық дерлік дүкені мен сауда орталықтарында ине шаншар жер жоқ. Сатып алу мерекесінің «қызығын» көрген жеке кәсіпкерлер мен тұтынушылардың әсерін сұрап білдік, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астаналық тұрғын Айгүл Кенжебекова Kaspi Жұманы асыға күтетін тұтынушылардың бірі екенін айтады. Ол жаңадан сатып алған пәтеріне керек-жарақты, тұрмыстық техниканың барлығын 24 айға пайызсыз бөліп төлеуге рәсімдеген.

«Жақында мен пәтер сатып алдым. Оның ішінде тұрмыстық-техника мен басқа жиһаз болмады. Сондықтан отбасылық бюджетке салмақ салмайын деп осы Kaspi Жұма мерекесін күттім. Бұл жерде айта кететіні тауарларды офлайн және онлайн дүкендерден таңдап алуға болады. Мен біраз затты онлайн дүкеннен, кейбір тұрмыстық, жиһаздарды офлайн дүкендерге барып таңдап алдым. Онлайн дүкендерде тапсырыс берсең, жеткізетін күнге дейін белгілеп беретіні өте ыңғайлы. Сатып алған тауарды үйіңізге дейін жеткізіп алуға мүмкіндік бар. Көңілім тоқ, барлық қажетті затыма тапсырыс бердім», - деді Кенжебекова.

Жеке кәсіпкер Айнұр Талғатқызы осындай мерекелер шағын және орта бизнеске оң әсер ететінін айтады.

«Instagram-да онлайн дүкенім бар. Алғашында сол жерде сауда-саттық жасадым. Кеңсе тауарлары мен кітаптарды сатқан болатынмын. Ол жерден жақсы табыс та түсті. Бірақ, саудамен айналысатындар үшін Kaspi.kz ыңғайлы платформа екенін түсіндім. Тауарлардың ассортименті де кең, талаптары да жақсы. Сол үшін мен Kaspi-дегі интернет-дүкенге тіркеліп, сата бастадым. Осы жолғы Kaspi Жұмада сатып алушылардың легі көп болып жатыр. Оның үстіне жеткізу жағы да өте ыңғайлы, клиенттердің мекенжайына дейін тауарды жеткізуге болады. Үй қасындағы постоматтар да бар», - дейді жеке кәсіпкер.

Алматылық Әйгерім Қуанышбек алғашқы күні-ақ сауда жасап үлгерген.

«Соңғы рет Kaspi Жұма арқылы 2021 жылы тауар алғанмын. Биыл үйге телевизор, тоңазытқыш керек болған соң, алдын-ала осы тауарлардың өзіме ұнайтындарының скринін жасап жүрдім. Кейін 3,4,5 қарашада Kaspi Жұма болатынын естіп, қуандым. Себебі бірден ондай заттарды алу отбасылық бюджетке тиімсіз. Ал 24 айға тауардың өз бағасын бөліп төлеу ешкімге салмақ түсірмейді. Бірінші күні плазмалық теледидар мен үлкен тоңазытқышқа тапсырыс бердім. Екінші күні тапсырыс берген тауарларымды үйге дейін жеткізіп берді. Қазір балаларым үлкен теледидардан қалаған дүниесін көріп мәре-сәре болып жатыр», - дейді ол.

Семейлік Айдана Тоқтар осы күндері Астанаға қонақ болып келген. Kaspi Жұма арқылы бұрыннан қалаған арманына қол жеткізгенін айтады.

«Мен осы демалыста елордамыз Астанаға саяхаттап келдім. Осы күндері елордаға келуім жай емес шығар деп Kaspi Travel-ден саяхатқа жолдама сатып алдым. Қатты қуандым, себебі бұл кішкентей кезімнен арман болған еді. Енді өзім көрген барлық түрік сериалдарының түсірілген отаны Түркияға мамыр айында жол тартамын. Арманыңызды бүгін орындаңыз деп барша қыздарға кеңес берер едім», - дейді Айдана.

Еске салайық, Kaspi Жұма жексенбі күні кешкі 00:00-ге дейін жалғасады.

Тегтер: