Түркістан облысы мен Шымкент қаласында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Автор: Azattyq Rýhy

Шымкентте қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 11 адамға жетті

Фото: ашық дереккөзден

2 сәуір сағат 17:05-тегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 21 адам тіркелді: Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында - 8 адам, Түркістан облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам. Бұл туралы ақпаратты сoronavirus2020.kz порталы хабарлады.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – 423 адам:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 193 адам;
  • Алматы қаласында – 91 адам;
  • Қарағанды облысында - 21 адам;
  • Ақмола облысында - 19 адам;
  • Атырау облысы - 18 адам;
  • Жамбыл облысында -5 адам;
  • Шымкент қаласында - 11 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам;
  • Алматы облысында - 9 адам;
  • Ақтөбе облысында - 1 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 8 адам;
  • Павлодар облысында - 1 адам;
  • Маңғыстау облысында - 1 адам;
  • Қызылорда облысында - 26 адам;
  • Батыс Қазақстан облысында - 2 адам;
  • Түркістан облысында - 11 адам.

Айта кету керек, бүгінге дейін елде індеттен 3 адам көз жұмды. 27 адам жазылып шықты.