$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.11.2023, 13:50
Қоғам

Біз «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек – Тоқаев

Ол түркі ықпалдастығын тереңдету ортақ мұрат екенін айтты

Біз «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек – Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде негізгі баяндамасын жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатыр. Түркі әлемінің өркениеті Ұлы даладан бастау алатыны баршаға мәлім. Осы ортақ құндылықтарымыздың мұрагері – Түркі мемлекеттері ұйымы. Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан ары дамытуға мүдделі. Түркі ықпалдастығын тереңдету – ортақ мұрат. Біз «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек», - деді Тоқаев.

Ол атағандай, сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі.

«Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара іс-қимылды жандандыруға баса мән беріп отырі. Сондай-ақ біз түрлі саладағы байланысты орнықтыруға, халықаралық беделімізді көтеруге күш саламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр. Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан президенттері ұйымға мүше мемлекет басшылары ретінде, Мажарстан Премьер-министрі мен Түрікменстан басшысы бақылаушы елдің басшылары ретінде қатысады.

ТМҰ саммиті «Түркі дәуірі» ұранымен өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары