$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.11.2023, 06:28
Қоғам

Қызылорда облысында жыл басынан бері 36 мектеп директоры жемқорлық үшін жазаланған

Олардың 7-еуі жұмыстан босатылып, 29-ы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысында жыл басынан бері 36 мектеп директоры жемқорлық үшін жазаланған
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында жыл басынан бері 36 мектеп директоры жемқорлық үшін жазаланған. Олардың 7-еуі жұмыстан босатылып, 29-ы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Мәселен, мектептерде бюджетті жоспарлауда, жалақы төлеу жүйесінде кемшіліктер бар. Бұл сыбайлас жемқорлық қауіпін туғызады дейді құзырлы орган өкілдері. Сондықтан, есеп-қисапқа бақылау жүргізбеген директорлар жазаланып, олқылықтарды түзеу бойынша ұсыныстар берілген.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңақорған ауданының білім бөлімінің бұрынғы басшысы мен бухгалтері 1 миллиард теңгеден астам мемлекет қаржысын жымқырып, қамауға алынған болатын. Қоғамда үлкен дау тудырған бұл іс қазір сотта қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары