Депутаттар қаза болған марқұм кеншілерді еске алды
Мәжілістің жалпы отырысында Спикер Ерлан Қошанов отырысты бір минут үнсіздікпен бастауды ұсынды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Өздеріңіз білесіздер, 28 қазанда «Костенко» атындағы шахтадағы апат салдарынан 46 адам қаза тапты. Бұл - халқымыз үшін үлкен қасірет. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болды. Барлық депутаттың атынан қаза болған кеншілердің отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Қаза болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынамын», - деді Ерлан Қошанов.
31 қазан Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы да бір минут үнсіздікпен басталған болатын.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ